Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдіргендердің өтініші қаралды

Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы онлайн режимде өтті. 

Жиында Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды. 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 955 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізілетін болды. 

Сондай-ақ Комиссия 81 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы да ұсыныс жасайды.