Қазақстанда оқуын бітірген 57 ауған студенті визасын ұзартып алды

Ішкі істер министрлігі мұны растады. Біздің елде білім алған олар, биыл жазда елдеріне кетулері керек еді. Виза мерзімі 31 тамызда аяқталуы тиіс болған.

Алайда ондағы ахуалдың нашарлауына байланысты студенттер Қазақстан билігінен көмек сұрады. Виза мерзімін ұзартып беруді өтінді. Білім және ғылым министрлігі жергілікті басқару органдарымен ақылдаса келе әлгі студенттерге көмектесетін болыпты. Магистратураны оқуларына мүмкіндік берген. Қазір Қазақстанда ауған елінен келген 137 студент білім алып жатыр. Оларға виза 1 жылға беріледі.

Төлеген Талғатбеков, ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы:

- Қазіргі уақытта 1115 ауған азаматы ішкі істер органдарының тіркеуінде тұр. Олардың 460-сы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. 655 азаматтың тұрақты тұруына мүмкіндігі бар, яғни олардың осында баспанасы бар.