Астраханьда Қазақстанның бас консулдығы ашылды

Ресейдің Астархань қаласында Қазақстанның бас консулдығы ашылды.

Жалпы көрші елдің бұл облысында Қазақстан консулдығы көп жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. 

Еліміздің Астраханьдағы консулдығы ТМД елдерінде ашылған алғашқылардың бірі. Ол өз жұмысын 2003 жылы бастаған. Елшіліктің әрекет ету аумағына Ресейдің Астархань облысынан бөлек тағы 4 аймақ кіреді. Консулдық округінің тағы бір ерекшелігі – бұл Ресейдегі этникалық қазақтардың ең көп шоғырланған аумағы саналады.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

– Біздің консулдыққа бас консулдық деген атағын беру бұл өте маңызды мәселе. Өздеріңіз білесіздер, бұл жердегі консулдық 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірақ биыл ғана сондай шешім қабылданды. Әрине бұл Қазақстан үшін жергілікті халық үшін өте керемет дұрыс іс-шара деп есептеймін.

Екі мемлекет арасында гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды даму үстінде. Астрахань облысында Құрамнғазы атындағы мәдени орталық жұмыс істейді. Және 1 жарым мыңнан аса қазақстандық студент білім алып жатыр.

Игорь Бабушкин, Астрахань облысының губернаторы:

– Қазақстан мен Астрахань облысы арасындағы қарым-қатынас жыл сайын артып, арадағы тауар айналымы да өсіп келеді. Біз осы үрдісті жалғастыруға ниеттіміз. Ал бүгін өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салалардағы серіктестік келешегін талқыладық.

Пандемияға қарамастан Қазақстан мен Астрахань облысы арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы жартысында 8 миллион 200 мың долларға жеткен. Аймақта қазақстандық компаниялардың қатысуымен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.

Авторлары: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров