Елордада ынтымақтастық мәселелеріне арналған Қазақстан-Ресей семинары өтті

Елордада экономикалық және саяси ынтымақтастық, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне арналған Қазақстан-Ресей семинары өтті. Сарапшылар қос ел арасындағы стратегиялық жобаларды талқылады.

Кездесуде энергетика, цифрландыру салаларындағы ортақ жобалар, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлердің өзара байланысы сөз болды.

Рахым Ошақбаев, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

- Менің ойымша, ядролық энергетика саласында ынтымақтастық қажет екені сөзсіз. Қазақстанда электр қуатының 70 проценттен астамы көмірден өндіріледі. Ал оның қоршаған ортаға зияны орасан екені белгілі. Сондықтан екі мемлекет басшылары айқындап берген өзара ынтымақтастықты орнату ықтималдығы зор.