Шетелдік саяси партиялар Тоқаевтың шешімін құптайды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік контингентін Қазақстанға кіргізу уақытылы әрі заңды шара болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шешім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі ахуалды тұрақтандыруға, көпұлтты халықтың мүддесін қорғауға бағытталғанын айғақтайды. Болгариядағы «Мир» партиясының төрағасы Симеон Славчевтің пікірі осындай.

Симеон Славчев, «Мир» партиясының төрағасы:

– Шабуыл жасағандар бейбіт шерулерді пайдаланып, арам ойларын іске асырды. Мемлекет пен халықты құтқару үшін Қасым-Жомарт Тоқаев заңға сәйкес Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымындағы серіктестерінің көмегіне жүгінді. Президенттің  бұл шешімі халықаралық нормаларды бұзбайды. Керісінше, мұның бәрі оның халық мүддесі туралы ойлайтынын көрсетеді.