434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды

  • 65
  • UPD: 09:20, 14.01.2022
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі тағайындалды primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж.Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары – «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары – «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары – «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2018 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы