Қ.Тоқаев Б.Байбекке «Nur Otan» партиясындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук-парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы партияны өзгерту керектігін атап өтіп, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымы қажет еместігін айтқан болатын.