Сенат депутаты Ләззат Қалтаева ант берді

Сенатор Ләззат Қалтаева әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің құрамына кірді. Бүгін ол Палата отырысында ант берді.

Естеріңізге салайық, Ләззат Қалтаева бұл қызметке Президент жарлығымен қаңтар айында тағайындалды. Ол «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығын басқарумен қатар, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

– Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саяси өмірге белсенді араласуына үнемі баса мән беріп келеді. Президент жарлығымен Ләззат Қалтаеваның сенатор болып тағайындалуы соның нақты нәтижесі. Бұл мемлекетіміздің инклюзивтілігінің және Мемлекет басшысының елімізді жаңарту бағдарының іске асырылуының жарқын көрінісі. Мұндай қадам алдағы уақытта мүгедектігі бар адамдардың саяси және қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.