Қазақстанның Азаматтық альянсы референдумды қолдайды

Бүгін елордада референдумды қоғамдық қолдау штабы мүшелерінің онлайн кездесуі өтті.

Қазақстанның Азаматтық альянсы 17 өңірдегі өкілдіктерімен бейнекөпір арқылы байланысқа шықты. Орталық кеңседе Конституциялық өзгерістер мен толықтырулар туралы сөз болды. Облыстардағы үкіметтік емес ұйымдар наурыз айынан бері реформаларды халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бану Нұрғазиева, Қазақстанның азаматтық альянсы президенті:

- Осы референдумға халық келсін. Халық келу үшін бірінші бәрін түсіну керек қой. Халық қашан барады, азаматтар? Бұл өзгерістер мемлекетке емес, біріншіден, әрбір адамға керек. Соны түсініп алса, онда өздері ақ келеді деп референдумға мен осындай мақсатпен шақырып отырмын бүгін.