Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясы: дауыс санау ашық жүргізілді

Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы да референдумға халықаралық байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 15 дауыс беру учаскесінде бақылау жүргізді. Миссия мүшелері дауыс беру және дауыстарды санау кезінде заңбұзуышылық тіркемеген. Учаскедегі қызметкерлер байқаушыларды қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіп отырған.

Гизмат Гозалов, ТМҰ ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары:

– Референдумды өткізу кезінде техникалық заң бұзушылықтар болмады. Дауыс беру мен дауыстарды санау кезінде мәліметтердің құпия сақталғанына көзіміз жетті. Ерекше қажеттеліктері бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалғанын байқадық. Келешекте дауыс беруді адамдардың тіркелген жерінде ғана емес, кез келген учаскеде ұйымдастыру мүмкіндігін қолдаймыз. Бұл өте ынғайлы болады.