Адам құқықтары жөніндегі шетелдік бюро басшысы референдумның сәтті өтуімен құттықтады

Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының басшысы Тамаш Месерич еліміздегі референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

Саяси науқанға оң бағасын берді. Бұл туралы ол Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесуінде айтты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері де жалпыхалықтық дауыс беру мейлінше ашық әрі әділ өткенін мойындады.