Қанат Мусин: Бас қаланың атын өзгерту қосымша шығынды қажет етпейді

«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының Елорда атауын «Астана» деп қайта өзгерту туралы ұсынысы қос палата депутаттарының бірлескен отырысында қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы тұста Әділет министрі Қанат Мусин бас қаланың атын өзгерту қосымша шығынды қажет етпейтінін айтты. Маңдайшаларды шұғыл ауыстырудың қажеті жоқ, бұл бюджет қаражатын, жоспарлы түрде бөлу аясында жасалады. «Азаматтар құжаттарын бұрынғы үлгімен қолдана береді, қазір көп жағдайда цифрлық құжат қолданылатындықтан, кедергі тудырмайды», – деді министр.

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгінде біз Астана қаласының атауын қайтарып отырмыз деп куәгер болып қуанып отырмыз. Уақыттың талабына сай біз қазір осы шешімге келіп жеттік. Бұл шешім бір күннің шешімі емес. Астана атауының өзі ол халықаралық брендке айналған атау деп қабылдауымыз керек.