Президент Сенат Төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасын қабылдады.

Мәулен Әшімбаев Сенаттың реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Конституциялық Соттың, Прокуратураның қызметін реттейтін конституциялық заңдардың жобасы сөз болды. Үш жылға арналған республикалық бюджет те талқыланды. Кездесуде Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен қорытынды құжатын одан әрі дамытудың 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.