Алдағы үш жылда әлеуметтік саланы дамытуға басымдық беріледі

Келер жылы республикалық бюджет түсімдері 17,8 трлн теңге болады деп болжанып отыр.

Ал шығыстар 21 трлн теңгеге жетеді. Басым бағыты әлеуметтік салаға жұмсалады. Парламент Сенатында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Ол халықтың әл-ауқатын арттыру басты басымдықтың бірі екенін айтып, осы бағытқа алдағы үш жылда 36,2 трлн теңге бөлінетінін жеткізді.