Қазақстан мен Ресейдің XVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

Қазақстан мен Ресей арасында биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында  тауар айналымы 18 млрд 500 млн АҚШ долларын құрады.

Екі елдің тұрақты сауда экономикалық серіктес екендігі аян. Алайда жаңа геосаяси ахуал көптеген байланыс жолдарына кереғар әсерін тигізіп отыр. Бұл мәселені тиімді шешу жолы Ресей мен Қазақстандық іскерлік кеңестің жетінші отырысында сөз болды. Шараға екі елден жүзден астам бизнес өкілдері қатысты.

Тимур Жаркенов, ҰКП төрағасының орынбасары:

- Қазір автокөлік тасымалдары саласында көптеген мәселелер бар. Геосаяси ахуал Еуразиялық одақ құрамындағы Қазақстан мен Белорус, Ресей бизнесіне үлкен әсер етті.  Соның ішінде тауар тасымалына ерекше мән беріліп отыр.

Мәселен биылдың өзінде Қазақстан арқылы өтетін Қытай мен Ресей арасындағы жүк тасымалының көлемі төрт есе артқандығын айтуға болады. Сондықтан Бахлы ауданында үшінші темір жол өткелінің құрылысы жоспарланған. Ол үшін жаңа темір жол желісі салыну қажет. Бұдан бөлек екі ел арасындағы 29 шекара бекетін кезең-кезеңімен жөндеу көзделіп отыр.  

Әсет Сейсенбек, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы бас директорының орынбасары:

- Санкцияның кесірінен жапа шеккен кәсіпорындарға Қазақстанға инвестиция құру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа заводтар салу бойынша болды.Ресей тарпынан біз ұсынған ақпарат, біз ұсынған жұмыс жобалары қолдау тапты.

Қазақстан мен Ресей арасындағы бизнес саласы да біте-қайнасқан. Мәселен соңғы он бес жылға жуық уақыт ішінде құны 600 млн АҚШ доллары болатын 25 ірі жоба жүзеге асты. Сауда саттықтың негіз бөлігі шекаралас орналасқан өңірлерге тиесілі. Мәселен Қазақстан мен тек Орынбор облысы арасындағы тауар айналымы 300 млн доллардан асқан. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есе артық.  

Ілияс Оспанов, ҚР ИИДМ Индустриалды даму комитетінің төрағасы:

- Енді қазіргі кезде жиырма төрт жоба бар. Бірақ олардың суммасы жиырма төрт млдтан асуда. Сонымен қатар біз алпыс шақты жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз. Жалпы сомасы олардың да он млрдтан асып тұр. Осы жобалардың барлығы қазақстан территориясында атқарылатын болады.

Жалпы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда саттық көлемі 2021 жылы 24,6 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл пандемиялық 2020 жылмен салыстырғанда 31,2 процентке көп. Биылғы жылдың 9 айында 18,4 млрд АҚШ долларын кураған. Әсіресе бұл бағытта Абай, Ұлытау, Павлодар мен Қостанай облыстарының сауда экономикалық байланыста белсенділігін атап өтуге тұрарлық. Дегенмен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі қазір тұралап қалды. Сондықтан Қазақстан «Солтүстік - Оңтүстік» жаңа бағытын ұсынып отыр. Ол Ресей Федерациясын Орталық Азия арқылы, Түркіменстан, Иран, Парсы шығанағына жол ашады.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

- Биыл тоғыз айдың ішінде біз сексен мың тонна груз «Солтүстік Оңтүстік» коридорымен тасыдық. Ол 2020 жылға қарағанда сегіз есе көп. Бірақ оның қуаттылығы алты млн тоннаға жетіп жатыр. Сол себептен біздер бүгін Ресей бизнесмендеріне біз логистаикалық корридорды дамытуға шақырдық.

Форумы аясында он жеті екі жақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде құны жиырма үш млрд теңгені құрайтын он қаржы экономикалық келісім мен жеті өңіраралық мәмлені айта өткен жөн. Олар сауда саттық пен ғылыми техникалық мәдени және әлеуметтік салаларды қамтыған.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов