Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі $18 млрд артты

Қазақстан Қытайға 135 тауар позициясы бойынша өз өнімінің экспортын ұлғайтуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтырғы қорытынды бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі $18 млрд артқан. Ал биыл 10 айдағы бұл көрсеткіш шамамен 33% өсіп, $19,7 млрд-ты құрады. Бұл туралы қос елдің Премьерлері айтты. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян бейне-байланыс арқылы келіссөз жүргізген еді. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, жүк тасымалын және әуе қатынасын кеңейту мәселелерін талқылады. Оның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол жүргізу пунктін ашуды, сондай-ақ шекарадағы автомобиль өткізу тармақтары жұмысының тиімділігін арттыруды қажет екенін атап өтті.