АҚШ Қазақстан реформаларын қолдайды

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды АҚШ қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Бұл туралы Вашингтонда АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдеді. Оның айтуынша Қазақстанның Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеубердімен тілдескен мемлекеттік затшы Энтони Блинкен қазақ елінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын одан әрі қолдайтынын білдірді. Жалпы екі ел байланысы жыл сайын тереңдеп келеді. Бұған дейін Мемлекеттік хатшының көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға барып қайтты. Бұл оның биыл елімізге жасаған екінші сапары болып отыр. Каспий саяси орталығының жазуынша әлемдегі қазіргі жағдайдарға байланысты Вашингтонның Орталық Азия аумағына көңіл бөлуі байқалады. Оны Мемлекеттік Хатшының көмекшісі Дональд Лу да растаған.

Дональд Лу, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі:

- Вашингтонның аймаққа деген қызығушылығы артып келеді. Орталық Азиядағы серіктестеріміз тарапынан да ынтымақтастыққа деген құлшыныс бар. Бұл үлкен өзгерістерге ұшырап жатқан әлемнің стратегиялық маңызды бөлігі. Біз аймақ үшін АҚШ-тың сенімді серіктес екенін көрсеткіміз келеді. Әсіресе осындай күрделі жағдайда мұнай, азық-түлік бағасы өсіп, халықаралық нарыққа тауарларды экспорттау қиындаған сәтте көрсетуіміз керек.