Бішкекте Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Жиынға қатысу үшін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға барған еді, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ мұнда Ресей, Беларусь, Армения басшылары жиналды. Президенттер әуелі шағын құрамда жабық форматта кеңес өткізді. Осы жиынның басында төраға ретінде сөз алған Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен тағы бір рет құттықтады. 

Садыр Жапаров, Қырғызстан президенті:

- Жаңа келіп түскен ақпаратқа қарағанда президенттер шағын құрамдағы жиыннан шығып, кеңесті кеңейтілген құрамда жалғастырып жатыр. Күн тәртібіне 17 мәселе бар. Олардың ішінде көлік логистика, кеден салығы, одақтың еркін сауда аймағын кеңейту мәселелері қаралады. Сондай-ақ 2021 жылдағы бюджетінің қайда жұмсалғаны туралы есеп тыңдалып, келер жылғы бюджеті бекіту қарастырылады. Тағы бір тақырып Біріккен араб әмірліктерімен еркін сауда аймағын құру туралы келісімдерді бастауға бағытталған.  Айта кету керек, Биыл Жоғары экономикалық кеңестің отырысы үш жылдан бері алғаш рет офлайн форматта өтіп отыр. Сарапшылардың айтуынша осы аралықта бірқатар мәселе қордаланып қалды. Енді сол мәселелер президенттердің жүзбе жүз кездесуінде ашық талқыланып, ортақ шешімдер қабылданады деген үмітте.

Алмазбек Ақматалиев, Қырғыз Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Қазір одақтың аяқтан тұрып, экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруы бәрімізге керек. Ал санкциялар бұған дейін де болған, әлі де бола береді. Осы кезде саяси шешімдер қабылдап, сенім мен достық негізінде сауда жасауға бейімделуге тиіспіз. Кез келген нарыққа шыға алатындай жылдам ойыншыға айналуымыз керек.