Мельбурн: Қазақстанның бірінші ракеткасы жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мельбурнде (Австралия) өтіп жатқан Great ATP 250 Ocean Road Open турниріндегі екінші ойында ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 5 ақпанда, 1/8 финалда ол италиялық Стефано Травальейден екі сет бойынша ұтылды – 1:6, 5:7.

Бір сағаттан астам уақыт өткен матчта қазақстандық тоғыз эйс жасады және екі брейк-пойнттың бірін жүзеге асыра алды.

Бублик АТР рейтингінде – 45-ші, ал Травалья 71-орында.

Еске салайық, Австралиядағы WTA турниірндегі жарыс жолын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да аяқтады.