Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті жаттығу жиынына кірісті

Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Отандық регбишілер маусымның екінші жаттығу жиынын Шымкент қаласында орналасқан «БИІК» спорт кешенінде өткізіп жатыр. 6 ақпанда басталған жиында спортшылар жалпы физикалық дайындықтарын пысықтайды.

Аталған жиынға өңір-өңірлерден 28 регбиші қатысуға шақырту алған.

Спортшылар 19 ақпанға дейін Шымкент жерінде шеберліктерін шыңдайтын болады.