Алматыда шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа кубогі өтеді

Алматыда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған халықаралық дода 11-13 ақпан күндеріне жоспарланған. Шаңғышылар «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетерлігі, Шығыс Еуропа кубогіне Қазақстанмен қатар, Қырғызстан, Марокко және Ресей елдерінен спортшылар қатысады.