«Esil Winter». Жарысқа 300-ге жуық адам қатысып жатыр

Елордадағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Esil Winter» шаңғы фестивалі өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жас мөлшеріне байланысты жарыс жолына шыққандар өздеріне тиесілі қашықтықта өнер көрсетті. Қазір Арқада күн жылы. Тіпті майтоғысыз деуге келетіндей. Шаңғының табанына қандай май жағамыз деп ойланған кәсіби спортшылар демесеңіз, былайғы жұрт ақпанның аязы болмағанына қуанды. Жарысқа 300-ге жуық адам қатысып жатыр. Жеті жасар бала мен жетпістегі қарияға дейін бақ сынауда. Балалар жағы 1-2 шақырымды, үлкендер 3-5 шақырымды жүріп өтеді. Бұрынғыдай қалалық емес, дәстүрлі фестиваль бұл жолы республикалық деңгейде ұйымдастырылыпты.

Дәулет Хамзин, бас төреші:

- Осы шаңғы жарысынан жарыста аз. Сондықтан мына басқа өңірлерден де, Павлодардан, Қарағандыдан, Щучинскіден, Степногорскіден, Ақкөлден барлығы хабарласып, «қатысуға бола ма» дегесін, содан біз ұйымдастырушы комитет барлығын қатыстыруға тіркеугешешім шығарды.