Путинцева мен Дияс Ресейде өтетін турнирге қатысады

Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Санкт-Петербургте өтетін WTA турниріне қатысады, деп хабарлады Prosports.kz.

15-21 наурыз аралығында өтетін St.Petersburg Ladies Trophy жарысын ұйымдастырушылар турнирге қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. Бұл тізімде қазақстандық теннисшілер Путинцева мен Дияс та бар.

Айта кетейік, 2017 жылы Путинцева турнирдің финалына дейін жетіп, француз теннисшісі Кристина Младеновичке 2:6, 7:6, 4:6 есебімен есе жіберген.