414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

  • 150
  • UPD: 16:53, 19.02.2021
Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі қашан өтетінін айтып берді. 

Хирннің айтуынша, ол қазақстандық боксшының келесі айқасын орта салмақта WBO белбеуінің иегері Деметриус Андраде мен Лиам Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында ұйымдастырады, деп хабарлады vesti.kz.

«Данияр шаршы алаңға сәуір айында оралады. Ол Андраде мен Уильямс арасындағы кездесудің андеркартында шаршы алаңға шығады. Елеусінов әлі АҚШ жерінде қатты танымал емес. Бірақ ол кез келген қарсыласпен шығуға дайын. Біз Вирджил Ортиспен кездесу ұйымдастыруға тырыстық. Бірақ Ортис келіспеді. Енді басқа мықты қарсылас таңдаймыз», - деді Хирн. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың қараша айында өткізіп, намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді. Бұл айқаста отандасымыз IBF Inter-Continental белбеуін ұтып алды. 

Хабар 24 телеарнасы