Алан Құрманғалиев Дохадағы жарыста нигериялықтан жеңілді

Қазақстандықтар жарысты сәтті бастады. Дәл қазір Катар астанасында үстел теннисінен  әлемдік аламан өтіп жатыр.

Айта кету керек, бұл ұзақ үзілістен кейін жанданған алғашқы ауқымды жарыс. Оның аясында қазақстандық Зәуреш Ақашева словакиялық теннисшіні айқын басымдықпен ұтты. Ал Анастасия Лаврова жергілікті теннисшімен жолығып, 3:0 есебмен жеңіске жетті. Ерлер арасында Алан Құрманғалиев нигериялық қарсыласына есе жіберді. Тағы бір жерлесіміз Кирилл Герасименко Еуропа чемпионатының жеңімпазы беларусь Александр Ханинмен жолығатын болды. Ал аралас жұптық сында қазақстандық Алан Құрманғалиев пен Анастасия Лаврова ресейлік теннисшілерден жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Дохадағы дода 6 наурызға дейін жалғасады.