Футболдан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан жастар құрамасы Түркияда өтетін Antalya Cup-2021 турниріне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Жарысқа Болгария, Словакия, Украина және Өзбекстан құрамалары қатысады.

Қазақстан жастар құрамасының халықаралық турнирдегі ойын кестесі:

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан. Жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша көрсетілген.