424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды

  • 172
  • UPD: 14:50, 17.04.2021
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды Olympic.kz

Оралда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қыздар арасында жекелей сынның финалында шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт өзара мықтыны анықтайды.  Маңғыстау облысыныің өкілі Гюзель Торшаева мен павлодарлық Ангелина Романовская, қарағандылық Арай Ашкеева мен елордалық Малика Сандыбаева жарыстың қола жүлдесін сарапқа салады.  Ал ұлдар арасында қарағандылық Алан Құрманғалиев пен ШҚО спортшысы Сағантай Құрмамбаев іріктеу сынынан іркілмей өтіп, финалда кездеседі. Ұлдар арасында қола жүлдегер атану үшін  Санжар Жубанов (БҚО), Темірлан Ким (Қарағанды облысы), ағалы-інілі  Искандер, Абдул-Мажит Харки (Жамбыл облысы) бақ сынады. 

Айта кетерлігі, жарыс жеңімпаздары бүгін, 18 сәуірде анықталады.

Хабар 24 телеарнасы