Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үздіктер қатарына қосылды

Бокстан Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финал кездесулері толық аяқталды. Жартылай финалға өткен спортшылар саны бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда келеді деп жазады Olympic.kz.

Жалпы есепте Үндістан мен Ресейде 11, Қазақстан мен Өзбекстанда 10, Польшада 8, Украинада 6, Куба мен Италияда 3, Болгария, Моңғолия, Таиландта 2 медальдан бар. 

Армения, Әзербайжан, Колумбия, Чехия, Франция, Венгрия, Жапония, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Черногория, Түркияда бір медальдан бар. 

Айта кетелік, Қазақстан ерлер командасынан 5, қыздар командасынан 5 боксшы жартылай финалға жолдама алған болатын.