424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жеңілмеген боксшы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

  • 375
  • UPD: 23:55, 25.04.2021
Жеңілмеген боксшы Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады Prosports.kz

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу басты мақсаты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Тараптар мамырда кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізген, алайда, одан нәтиже шықпады. 

«Бізде жұдырықтасуға сан мүмкіндік болды, бірақ не себепті екенін білмеймін, әйтеуір жолымыз түйіспеді. Негізі ол дайын еді деп ойлаймын. Бұл айқасқа қызығушылығым үлкен, мені ең мықтылардың бірі деп есептеу үшін онымен жұдырықтасқым келеді. Жыл соңына дейін немесе келесі жылдың басында Головкинмен жекпе-жек өткіземіз деген үміттемін.

Әлем чемпионы атағына жақын қалдық. Барлық заңды ұйымдардың биігіндеміз. WBC рейтингінде бірінші тұрмын. Біз кез келген чемпионмен айқасуға дайынбыз. Биыл осыған қол жеткіземіз деп үміттенемін. Олай болмаса, күте тұрамыз», – деп береді Мунгияның сөзін DAZN.

Хабар 24 телеарнасы