Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған турнир басталды

Елордада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнир басталды, грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грек-рим күрсінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионының есімін ұлықтауға арналған додаға елімізден бөлек Ресей, Грузия, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды 7 елден жиыны 250-ден аса балуан қатысып жатыр. 2001-2003 жылғы жасөспірімдер 9 салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтайды. Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыстың жеңімпаздары алдағы демалыс күндері белгілі болады.