Юлия Путинцева Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Страсбургте (Франция) WTA сериясындағы турнирдің екінші айналымына өтті.

Ол алғашқы матчта швециялық Ребекка Петерсонды 6:4, 3:6, 7:6 (7:2) есебімен ұтқан. Кездесу 3 сағат 22 минутқа жалғасты. Екінші кезеңде Путинцева швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен кездеседі.