425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бокстан Сағадат Нұрмағамбетов турнирі басталды

  • 227
  • UPD: 22:28, 26.05.2021
Алматыда бокстан Сағадат Нұрмағамбетов турнирі басталды

Алматыда «Халық қаһарманы», армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен 24-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа еліміздің барлық облысынан және Алматы мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласынан 144 спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ көршілес Өзбекстан мен Қытай елінен де үміткерлер келіпті. Былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарды сарапқа салады. Осы жарыста топ жарғандар күзде Ресейде өтетін әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады. Нұрмағамбетов жарысына өзбектер ұлттық құрамасының 2-3 нөмірлі спортшыларын әкелген. Олардың арасында 75 келі салмақта Токио олимпиадасына баратын Фанат Қаһармановта бар. Ал қазақ боксшыларының арасында ағайынды Төлтаевтар мен Әділет Құрметов секілді тәжірибелі боксшылар сынға түсуде. Жарыс жеңімпаздары сенбі күні анықталады.   

Қайрат Жұмағұлов, жарыстың бас төрешісі:

– Кеше Өзбекстаннан келген біздің 75 кг салмақта Аманқұлға ұтылған боксшы келді. Қостанай облысынан 2001 жылғы бала қызықты жекпе-жек көрсетті сол қарсыласқа. Өйткені Өзбекстан командасының өкілі қарулы боксшы, керемет жекпе-жек болды.

Хабар 24 телеарнасы