Боксшы Фариза Жолтай елімізге жетінші алтын медальді сыйлады

Бокстан Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында қыздар арасында өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына жетінші алтын медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл медальға Фариза Жолтай (81 келі) ие болды. Ол өзбекстандық Сохиба Рузметовамен қолғап түйістірді. Аталған жекпе-жекте қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Фаризаға берді.

Бұдан бұрын қазақстандық құрама сапынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі) және Валентина Хальзова (69 келі) алтыннан алқа таққан еді.

Ал Валентина Кухта (57 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.