Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

ФИФА жеребе тарту рәсімін жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы А тобына түсті. Қарсыластары – Литва, Коста-Рика және Венесуэла.

Қазақстан құрамасы төрткүл дүние додасына үшінші мәрте қатыспақ. Бұған дейін біздің футзалшылар Гватемала мен Колумбияда өткен әлем біріншіліктеріне қатысқан еді.