Бублик пен Голубев Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис – германиялық Тим Пюцпен күш сынасты. А.Бублик пен А.Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4.

Қазақстандық жұп екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдықты сақтап, кездесуді сәтті аяқтады – 6:4. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

Теннисшілеріміз финал жолдамасы үшін испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинеспен таласады.

Ал бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Серена Уильямсті жарыс жолынан шығарған. Осы ойынға қатысты ол өз ойын да білдірді

Сондай-ақ Е.Рыбакина аталған аламанның жұптық сынында ширек финалға жолдама алған болатын.