Тимофей Скатов Алматыдағы Challenger турнирінің екінші айналымға шықты

«Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сынында Александр Бублик пен Андрей Голубев жартылай финалға өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлестеріміз енді испандық теннисшілермен жолығады. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина ширек финал жолдамасын жеңіп алды. Қазақстанның бірінші ракеткасы ресейлік Анастасия Павлюченкомен бірге өнер көрсетеді.

Тимофей Скатов Алматыдағы Challenger турнирінің екінші айналымына шықты. Жарыстың алғашқы күні ол Италия өкілі Лоренце Джустиномен кездесті. Матч үш сағатқа созылды. Осы аралықта біздің теннисші 6 брейк-пойнт, 1 эйс жасап, бір мәрте еселенген қате жіберді. Скатов бірінші және үшінші айналымда өз үстемдігін паш етті. Сондай-ақ аталған бәсекеде ел намысын Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев қорғайды. Ашық біріншілік 13 маусымға дейін жалғасады.

***

Елдос Жұмақанов жарысты тоқтатуға мәжбүр болды

Елдос Жұмақанов Венгриядағы дзюдодан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетпеді. Жерлесіміз 66 келі салмақ дәрежесінде Беларусь спортшысы Дмитрий Миньконы жеңіп, жартылай финалға жеткен еді. Одан соң Италия спортшысы Мануэль Ломбардоға қарсылас атанып, 1:0 есебімен ұтылып қалды. Ал қола жүлде үшін таласта монғолиялық Йондонперенлея Баскхуумен белдесуі тиіс еді. Алайда қазақстандық дзюдошы жарақатына байланысты татамиге шықпады. Соның салдарынан Жұмақанов құрлықтық додада 5-орынды қанағат тұтты.

***

Якоб Фульсанг үздік ондыққа енді

«Астана» клубының көшбасшысы Якоб Фульсанг Швейцария турының екінші кезеңінде мәреге 9-шы болып келді. Ал жалпы ұпай саны бойынша турнир кестесінде 13-ші орынға тұрақтады. Әзірге Дат елінің спортшысы алдына жан салмай келеді. Фульсанг одан 35 секундқа қалып қойды. Қазақстан атынан жарысқа Евгений Гидич те қатысып жатыр. Ол турнир кестесінде ұпай саны бойынша 126-шы сатыда тұр. Көпкүндік 13 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ...