Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарына қатысатын құрам белгілі болды

Грек-рим күресінен Токио Олимпиадасына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлады Olympic.kz.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасынан үш балуан қатысады. 

Токио боз кілемінде белдесетін балуандар: 

60 келі: Мирамбек Айнағұлов

77 келі: Демеу Жадыраев

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

Айта кетерлігі, грек-рим күресінен жолдама спортшыға емес, командаға беріледі. Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері лицензиялық жарыстардан үш салмақ бойынша жолдама жеңіп алған болатын. 

Токио Олимпиадасына ұлттық құраманы грек-рим күресінен бас бапкер Бақтияр Байсейітов бастап барады.