Шетелдік спортшыларымызға көзқарасты өзгерту керек – А.Крюков

Шеттен келетін спортшылар отандық спортты дамытады. Сондықтан келімсек ретінде емес, өз азаматтарымыз ретінде қарау қажетпіз.

Бұл жөнінде Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді. Токиоға аттанатын ұлттық құраманың сапында 14 шетелдік спортшы бар. Олар бүгінге дейін Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Елдің намысын қорғайды. Сондықтан оларға қырын қараудың қажеті жоқ деп сөзін түйіндеді Крюков арнайы брифинг барысында.

Андрей Крюков, Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы:

– Қазір жаһандану дәуірі жүріп жатыр және сала мамандарының бір елден екінші елге ауысуы қалыпты нәрсеге айналды. Сондықтан ел намысын қорғайтын шетелдіктерді легионерлер деген дұрыс емес. Олар Қазақстан азаматтығын алды және олардың қолдауы отандық спорт үшін аса қажет.

ФУТБОЛДАН ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫ

Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні тарысқа толы болды. Әсіресе, басты фавориттердің бірі Бельгия құрамасы есе жіберді. Ол ширек финалда Италия командасымен жолыққан болатын. Миюньхен қаласында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды. Италия сапынан Николо Барелла мен Лоренцо Инсинье  мергендігімен көзге түсті. Ал бельгиялықтар бірінші кезең соңында бір гол соқты. Авторы – Ромелу Лукаку. Одан кейін таблодағы есеп өзгермеді. Осылайша Италия жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Оның кезекті қарсыласы Санкт-Петербург қаласында анықталды. Бұнда Испания мен Швейцария құрамалары ойнады. Негізі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен Денис Закария өз қақпасына автогол соқса, оның командаласы Джердан Шакири есепті теңестірді. Ал матч соңындағы пенальти сериясында испаниялықтардың жолы болды. Жартылай финалдық матч 6-шы шілдеде Лондонда өтеді.

«ТУР ДЕ ФРАНС» ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕТІНШІ КЕЗЕҢІ АРТТА ҚАЛДЫ

Луценко үздік бестіктен шығып қалды. Бұл жолы спортшылар Вьерзон және Ле-Крёзо елді мекендері арасындағы 249 шақырымды жүріп өтті. Нәтижесінде словениялық Матей Мохорич топ жарды. «Астана» сапындағы Алексей Луценко мәреге 24-ші болып жетті. Салдарынан жалпы есепте 5-ші орыннан 8-ші орынға түсіп қалды. Қазақстандық клуб сапындағы ең тәуір көрсеткіш Уго Ульге тиесілі. Ол кезеңді 12-ші болып аяқтады.

Айта кетейік, биылғы веложарыс 21 кезеңнен тұрады. Осы аралықта қатысушылар 3400 шақырымды жүріп өтуі керек.