Анна Данилина Франциядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Контрексевил (Франция) ITF World Tennis Tour W100 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге финалда бельгиялық Кимпберли Циммерман – мажарстандық Далма Галфимен кездесті. Бұл жұптар осы доданың бірінші және екінші ракеткалары еді.

Қазақстандық-норвегиялық жұп бірінші партияда қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте бельгиялық-мажарстандық жұп есе қайырды – 6:1. Супер тай-брейкте А.Данилина мен У.Эйкери 10:4 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.