Қазақстандық шинкиокушин шеберлері әлем кубогінен олжалы оралды

3 алтын, 2 күміс, және 1 қола. Қазақстандық шинкиокушин шеберлері әлем кубогінен осындай олжамен оралды.

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені Болгария қабылдаған. Оған бас-аяғы 26 елдің өкілдері қатысты. Нәтижесінде ел намысын қорғағандар жалпы есепте 2-орынға тұрақтады. Топ басына ресейлік спортшылар орналасса, Армения құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Әлемдік аламанда топ жарған жерлестерімізді елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлер күтіп алды. Айта кетейік, Болгариядағы бәсеке біріктірілген форматта болды. Яғни каратэ әлеміндегі 4 бірдей федерацияның мықтылары өзара мықтыны анықтады. Сәйкесінше жекпе-жектер өте тартысты өтті дейді ұлттық құрама мүшелері.