Токио Олимпиадасына қатысатын 19 спортшыдан коронавирус анықталды

Токио Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті COVID-19 індетін жұқтырғандың санына қатысты жаңа мәлімет жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми дерек бойынша Олимпиадаға қатысатын 19 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 3-еуі шетелдік спортшылар. Біреуі Олимпиада қалашығында тұрып жатыр. Жалпы 1 шілдеден бері жүзден астам қызметкер, атлет пен ресми тұлға індетке шалдыққан. Айта кетейік, осының алдында Чехия құрамасының алтыншы спортшысынан COVID-19 табылған болатын.