423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

  • 266
  • UPD: 14:34, 24.07.2021
Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. 

Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Есеп – 5:0. 

Серік Теміржановтың келесі айналымдағы қарсыласы – америкалық боксшы Роган Дюк. 

 

Хабар 24 телеарнасы