Ерлан Серікжанов Токио Олимпиадасының екінші айналымында ұтылды

Дзюдодан Токио Олимпиадасындағы екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының өкілі Ерлан Серікжанов жеңіліп қалды деп жазады Olympic.kz.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікжанов әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Мануэль Ломбардомен белдескен болатын. 

Негізгі уақыттың аяқталуына 12 секунд қалғанда италиялық балуан «ваззари» ұпайын еншілеп, Серікжанов жарыс жолынан шығып қалды. 

Осылайша қазақстандық дзюдошы жүлдеден үмітін үзді.

25 шілдеге арналған Токио Олимпиадасының жарыс кестесі

Дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарын сәтті бастады

Сондай-ақ...