Токио 2020: Бүгін ел намысын тағы кімдер қорғайды?

Бүгін бас-аяғы 11 жерлесіміз 8 спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, каноэда ескек есуден қазақстандық Александр Куликов жарыс алаңына шығады. Бұған қоса, үстел теннисінде ел намысын қопрғап жатқан Кирилл Герасименко екінші айналымда германиялық Тимо Боллмен ойнайды.

Айта кету керек, қарсыласы талай құрлықтық және әлемдік додаларды топ жарған спортшы. Бір кездері дүниежүізілік рейтингтің көш басында болған. Түстен кейін бокс бәсекелері жалғасады. Бұл жолы шаршы алаңға жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосын шығады. Ол пуэрторикалық былғары қолға шеберімен жұдырықтасады. Ал, кешке қарай ауыр атлетикадан әйелдер сыны өтеді. Бұл жарыста Зульфия Чиншанло өнер көрсетеді және дәл осы спортшы жүлдегерлер қатарынан табылады деген үміт бар.