Дмитрий Попко Чехиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол ширек финалда италиялық Риккардо Бонадиомен кездескен болатын.

1 сағат 23 минутқа созылған кездесуде Попко 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалда ол аргентиналық Уго Карабелли және Факуда Мено жұбымен кездеседі.