Дмитрий Попко Чехиядағы теннис турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Прагадағы АТР тунирінің финалына шықты деп жазады Olympic.kz. 

Ол екі сет қорытындысы бойынша аргентиналық Факундо Менаны ұтты.

Есеп – 6:1, 6:2. 

Кездесу 1 сағат 16 минутқа жалғасқан. 

«Бүгін менің соққыларым жақсы шықты. Одан бөлек, аяғым да жақсы қимылдады. Осының бәрі үздік нәтиже шығару үшін көмектесті», - дейді Попко.