Зарина Байбатина Паралимпиаданың финалына шықты

Токиода Паралимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстан командасының мүшесі Зарина Байбатина дзюдодан финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

70 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Алтын медаль үшін айқаста Байбатина әзірбайжандық Дурсадаф Каримовамен кездеседі. Финал 29 тамызда өтеді.