Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан украиналықтарды қабылдайды

Бүгін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кездесулері өтеді.

Оның аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында украиналықтарды қабылдайды. Матч елорда уақытымен кешкі сегізде басталады. Осыған байланысты қазір қос құрама «Астана Арена» стадионында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұған дейін қос команда Киевте жолығып, матч 1:1 есебімен аяқталған. Сол ойында гол соққан Серікжан Мұжықов жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Украина құрамасында да өзгеріс бар. Бас бапкері Андрей Шевченконың орнына Александр Петроков тағайындалды. Айта кетейік, елордадағы ойынға көрермендер кіргізіледі.

– Мұхамеджан Сейсен, Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы:

Техникалық, физикалық бүкіл тренировкадан өттік. Алдағы келе жатқан үш ойынға өте жақсы дайынбыз. Ертеңгі болатын ойынға бәріміз бірігіп, ойнайтын 11 адам ғана емес, қосалқы құрамдағы 15 адам және де экран артындағы болелшиктер бір жұдырық болып ойнасақ ұтамыз алла қаласа.

ЖАРЫСҚА КӨРЕРМЕНДЕР КІРІГІЗІЛЕДІ

«Барыс» мачтарына да көрермендер кірігізіледі. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды. Оған сәйкес мұз сарайындағы орындардың 30 процентіне жанкүйерлер жіберіледі. Ол үшін барлығында «Ашық» қосымшасының жасыл түсті статусы  болуы қажет. Бұған қоса, соңғы 3 тәулікке жарамды ПТР тест қорытындысымен де спорттық кешенге кіруге болады. Құрлықтық хоккей лигасының билеттері бүгіннен бастап сатылады. Ал «Барыс» ең алғашқы матчын 3-ші қыркүйекте өткізеді. Елордада уфалық «Салават Юлаев» командасын қабылайды.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ 11-ШІ ОРЫНДА

«Вуельта Испания» мәресіне таяп қалды. Спортшылар бүгінге дейін 16 кезең жүріп өтті. Соңғысы 180 шақырымға созылды. Бұл сында голландиялық Фабио Якобсен топ жарды. «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Горка Иссагери қол жеткізді. Ол мәре сызығын 37-ші болып кесті. Ал. команда үздігі Алексендр Власов бір саты төмен орналасты. Соның арқасында жалпы есептегі орнын сақтап қалды. Қазір 11-ші тұр. Қазақстандық клубтың қалған мүшелері алдыңғы 20-лыққа да кірмейді. Алда енді 5 кезең бар. Жарыстың жалпы қорытындысы 5-ші қыркүйекбе белгілі болады.

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Азия чемпиондары елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. ЖастаР арасындағы құрлықтық доданы биыл Дубай қабылдаған. Қазақстандық боксшылар12 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Оның 8-і алтын. Бұған қоса қоржында  2 күміс пен 2 қола бар. Осының арқасында  Қайрат Сатжанов баптайтын жігіттер жалпы командалық есепте топ бастады. Үздік үштікті Өзбекстан мен Үндістан жігіттері түйіндеді. Бұған қоса, орта салмақта ел намысын қорғаған Елнұр Сүйінбай турнирдің ең шебер боксшысы атанды. Ол финалда үндістандық боксшымен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Елнұр Сүйінбай, Азия чемпионы:

– Алтын деп көк байрағымызды көкке желбіретіп, әнұранымызды шырқату үшін барымызды салдық. Аллаға шүкір бәрі керемет өтті. Әр жекпе-жек өзінше қиын ғой. Енді маған өте қиын болғаны бірінші жекпе-жек болды.