«Қайраттың» бұрынғы бапкері Германиядағы қызметінен қуылды

«Эрцгебирге» клубының басшылығы Алексей Шпилевскийді қызметінен босатты, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Клуб басшылығы аталмыш шешімді «Падерборннан» (1:4) оңбай ұтылған соң қабылдап отыр. Шпилевский неміс командасымен жеті ойында небәрі 3 ұпай еншілеген болатын. Соның салдарынан «Эрцгебирге» турнир кестесінде 18 орынға түсіп қалды.

Еске салайық, беларуссиялық маман осыған дейін Алматының «Қайратын» жаттықтырды. Өткен жылы «халықтық» командамен бірге Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.