Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды

Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдемін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан құрамасының еншісіне шешілді. 

Айта кетелігі, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен есе жіберген болатын. 

Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24  есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.